"Күн тәртібі бойынша қаралатын бес мәселенің ішінде 2008 жылы Каспий аймағындағы елдердің бекіре балығы аулау және қара уылдырық экспортының квотасы қарастырылады. Сондай-ақ, Каспий маңайындағы мемлекеттердің 2007 жылы квотаны орындау жөніндегі ақпараты тыңдалады", - деп хабарлады министрлікте.
Минэкологияда атап өтілгеніндей, Әзербайжан үшін 2007 жылы белгіленген ұлттық квота көрсеткіші сол күйінде қалдырылады деген үмітте.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылы Каспий аймағындағы бес мемлекетке бекіре балығын аулаудың жалпы квотасы 1071 тонна деп белгіленген. Оның ішінде Ресейге - 286,5 тонна, Иранға - 450 тонна, Қазақстанға - 182,5 тонна, Әзербайжанға - 90 тонна және Түркменстанға- 62 тонна болып бекітілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті