Каспий елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының кезекті кездесуі қазан айының аяғында Мәскеуде өтуі мүмкін

Оның айтуынша, Ресей жағы осындай ұсыныспен шыққан. Егер теңізді қоршай орналасқан басқа мемлекеттер оны құптаған жағдайда сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде кезекті консультациялар өтіп, тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырып, ондағы келісілмеген тұстарын талқылайды.

Ал Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының Тегерандағы саммиті туралы сөз қозғаған Х.Халафов бас қосу мерзімі әлі нақтыланбағанын жеткізді.