Каспий маңындағы елдер үшін 2008-жылға арналған бекіре тұқымдас балықтар мен қара уылдырық экспортына бөлінетін квота осы жылғы деңгейде сақталып қалды

"CITES конвенциясы бұрын қабылданған шешімдерге 12.2 түзетуін енгізуге шешім қабылдады. Соған сәйкес CITES-тің тұрақты хатшылығына 2008-жылға арналған бекіре тұқымдас балықтар мен қара уылдырық экспортына бөлінетін квотаны ағымдағы жылдың деңгейінде қалдыру ұсынылды. Сол себепті Каспий теңізін қоршай орналасқан бес мемлекет үшін Каспий теңізінің судағы биоресурстары жөніндегі комиссия айқындайтын 2008-жылға арналған бекіре тұқымдас балықтарды аулау квотасы 2007-жыл деңгейінде өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін, бірақ біз одан 1-2 тоннаға арттыра аламыз", - деді Т. Мамедли сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізін қоршай орналасқан бес мемлекет үшін 2007-жылға арналған бекіре тұқымдас балықтарды аулаудың жалпы квотасы 1071 тонна көлемінде белгіленген, бұл 2006-жылғыдан 3,1%-ке аз. Ресей үшін ол 286,5 тоннаны, Иран үшін - 450 тоннаны, Қазақстан үшін - 182,5 тоннаны, Әзербайжан үшін - 90 тоннаны, Түрікменстан үшін - 62 тоннаны құрайды. Әзербайжанға арналған қара уылдырық пен бекіре тұқымдас балық етін экспорттау квотасы 2006-жылғымен салыстырғанда 2,5%-ке өскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті