Дәл сол кезде солтүстік Каспийді мекендеген аққулар аштан қырылып қалған еді. Қазір Каспийдің оңтүстік жағалауынан 500 метрге дейінгі қашықтықта мұз сіресіп жатыр. Кеше ғана асау толқынға төтеп беріп тұрған айлақтар бүгін мұз дәуірінен қалған ескерткіштей болып қалған. Теңіздің тұзды суының қатып қалуы табиғатта өте сирек кездесетін жағдай. Каспийде түрлі құстардың қыстап шығуға үйір болуы да сондықтан. Енді Ақтауда соңғы бірнеше күнде сақталып тұрған 20 градустық аяздың беті апта соңында қайтуы тиіс. Ал оған дейін мұз ерімесе, теңіз бетін мекендеген құстарды құтқару жұмысы басталмақ.
Орынбасар Тоғжанов, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
-Аққулар мұз құрсауында қалса, шұғыл шара қолданылады ғой. Ең бастысы жеммен қамтамасыз ету. Екіншіден мұз құрсауынан аққуларды құтқарып алу қажет болады.
Loading...