Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, жұма күні, 2022 жылдың 22 сәуірінде ШАҚ-2 құрылғысын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Каспий құбыр желісінде жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Жақын арада құбыр қалыпты жұмыс режиміне оралады.
"Егер екінші ШАҚ (шығаратын айлақша құрылғысы) бүгіннен бастап жұмыс істей бастаса, жобаның жұмысы 100% қалпына келеді", - деді Ақшолақов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде.
Еске сала кетейік, энергетика министрлігінің өкілдері жағдайды бағамдау үшін апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Каспий құбыр желісі теңіз терминалында болды.