Каспий теңізі тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс - ҚР СІМ

"Тараптардың Каспийдегі ықпалдастығы әр елдің егемендігін, аумақтық біртұтастығын, тәуелсіздігі мен мемлекеттердің еркіндік-теңдігін құрметтеуге, өзара күш қолданбауға және күш қолданамын деп қорқытпауға негізделуі тиіс",- деді ол.

Сонымен бірге еліміздің сыртқы істер министрі осы орайда "демилитаризацияны қарусыздану деп пайымдасақ, онда бұл - мүлдем жүзеге аспайтын міндет" дегенді мойындады.
"Қазіргі нақты ахуалға сәйкес Каспий теңізі бассейнінде қару-жараққа бес жақты бақылау қою тетігін құру және өзара тиісті келісімдерге қол қою арқылы оларды бақылау жүйесін құру туралы сөз қозғаған дұрыс",- деді Қ.Тоқаев. "Бұл Каспий аймағында қару-жарақ жөнінен тепе-теңдік қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деді ол.