Каспий теңізінде әзербайжандық тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың мәйіттерін іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

"Кеше 13 сағат 50 минутта МИ-8 тікұшағының құлауы салдарынан қаза тапқан тағы екі адамның мәйіті табылды. Сол күні кешке "Касморнефтефлот" басқармасының "Чалган" кемесінің көмегімен олар жағалауға жіберіліп, тану шаралары үшін денсаулық сақтау министрлігінің тиісті құрылымдарына табысталды. Қазіргі жағдаймен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды.

Олардың бірі - құлаған тікұшақтың инструктор-капитаны Виктор Гриченко, екіншісі тікұшақ механигі Джавид Ибрагимов. Іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда", -делінген Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, құлаған тікұшақтың өзі табылып, жағалауға жеткізілді.

Еске сала кетейік, "Азербайджан хава йоллары" мемлекеттік концерніне қарасты Ми-8 тікұшағы "Хазар-4" қалқымалы теңіз платформасынан ұшу сәтінде құлаған. Оның бортында екі жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған, олардың бәрі де қаза атпты.

Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының ақпаратына сәйкес, тікұшақ платформаға ауырып қалған мұнайшыны алу үшін келген.

"Азербайджан хава йоллары" мемлекеттік концернінің ақпаратына сәйкес, тікұшақ теңізде 20 метр тереңдікте жатыр. Қазіргі жағдаймен қаза тапқан алты адамның төртеуінің мәйіті табылып, екеуінің аты-жөні анықталды.

Тікұшақтың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті