Каспий теңізінде Әзербайжанның браконьерлік кемесі еліміздің шекарашылар катерімен соғысу салдарынан суға батып кетті

Министрліктің ақпаратына сәйкес, кемелердің соғысу оқиғасы 11-қарашада 3 сағат 30 минутта Маңғыстау облысындағы Құлалы аралының солтүстік-батыс бөлігінде болған. Бұл жерде "Астана" шекарашылар қайығы шығу тегі беймәлім балық аулауға арналған транспорттық үш кемені көреді. Оларды ұстауға жасалған талпыныс кезінде браконьерлік кемелердің бірі шекарашылар қайығын соғып кеткен. Соның салдарынан шекарашылар қайығының 10 шаршы сантимертрдей жері тесіліп қалды. Әзербайжан кемесі де ақау алды. Кеменің трюмінен 5-6 тонна бекіре тұқымдас балықтар мен балық аулайтын жабдықтар шықты. 9 адамнан құралған кеме командасы "Астана" катеріне алынды.

Шекара бұзған әзербайжандық кеме Баутино айлағына қарай сүйреп келе жатқан кезде суға батып кетті. Кеме 5-6 метр тереңдікте қалды.