Каспий теңізінде балықтың қырылып қалу жағдайларының жиілеп кеткен

акваторийінде балық ресурстарының қырылып қалу жағдайларының жиілеп кетуіне орай шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жиналыс нәтижесі бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан арнайы топ құру туралы шешім қабылданды, ол қазіргі уақытта балық ресурстарының қырылу себептерін анықтауда, делінген хабарламада.

Тиісті мемлекеттік органдарға ластаушы заттардың бар екендігін анықтау мақсатында қоршаған ортаны, яғни суды, өлі және тірі балықтың бөлшектерін тексеру талабы қойылған.

"Сонымен қатар өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері балықтың табиғи құбылыстардан да қырылуы ықтимал екендігін жоққа шығармайды, өйткені соңғы кезде күн тым қатты ысып кеткен, ол балыққа қолайсыз ықпал етуі де ықтимал", делінген онда.