Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы, "ҚазЭйрВест" әуе компаниясының 1 тікұшағы, облыстық судан құтқару қызметінің үш құтқарушысы, "Атырауөзенпорты" АҚ-ның кемесі жұмылдырылған. "Іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Баку" кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеме "Атырауөзенпорты" АҚ-ның иелігінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті