Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын оныншы тәулік бойы іздестіруде

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қыркүйектегі жағдаймен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы мен Астраханның сүңгуірлерлері, "Атырауөзенпорты" АҚ-ның 2 кемесі мен "ҚазЭйрВест" әуе компаниясының 1 тікұшағы жұмылдырылған. "Іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Атырауөзенпорты" АҚ тиесілі "Баку" кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. Келесі күні суға батып кеткен кеме табылған, ал оның экипаждары табылмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті