"24 қыркүйекте "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы мен "Атырауөзенпорты" АҚ-ның 1 кемесі жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары 25 қыркүйекте жалғасады", - деп хабарлайды мекеме.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Баку" кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеме "Атырауөзенпорты" АҚ-ның иелігінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті