Каспий теңізіне қатысты сарапшылардың Астанада аяқталған кездесуі теңіз мәртебесін айқындауға біршама жақындата түсті - СІМ өкілі

Е.Өтембаевтың айтуынша, кездесу барысында тараптардың жұмысы жемісті әрі нәтижелі болды. "Біз конвенцияның бірқатар тұжырымдамалық ережелерін жан-жақты талқылып, кейбір дефинициялар төңірегінде келісімге келдік",- деді ол.

СІМ өкілінің мәлімдеуінше, "сарапшылардың бұл жолғы кездесуі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға біршама жақындата түсті".
Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған коммюнике мәтініне жүгінсек, "делегация жетекшілері Астанадағы кездесудің қорытындысына оң баға беріп, осы жолғы отырыстың ортақ уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосқанын атап өтті". Құжатта атап көрсетілгеніндей, "келіссөздер барысында тараптар Конвенция жобасының бірқатар ережелерін талқылап, олардың кейбіреуіне қатысты өзара тиімді тұжырымдарды қабылдады".
"Делегация жетекшілері өз сөздерінде Конвенцияның мәтінін тез арада келісудің маңызын, сондай-ақ, қазіргі консультацияларды жалғастыра түсу қажеттігін атап көрсетті",- делінген коммюникеде.