Каспий теңізіне ұшақ құлады

Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған.


Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.