Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары нашар жасалған- ҚР үкімет басшысы

Үкімет басшысы құжат жобасын жасаушылардың атына бірқатар сын-ескертпелер жасады . Д.Ахметовтың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру жоспарында алға қойған міндеттерді шешудің заңды негіздері қаланбаған, Елбасының "Мұнай туралы" және "Жер қойнауы туралы" жарлықтарына өзгертулер енгізілмеген. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игерудің теңіз және әуедегі инфрақұрылымдарын құру туралы

тіс жарып ештеңе айтылмаған деді үкімет басшысы. Сондай-ақ, "Каспийдегі Қазақстан мұнайының көлем-мөлшері туралы ешбір мағлұмат жоқ",- деп атап көрсетті ҚР үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың пайымдауынша, "шаралар жоспарында осындай пункттердің жоқтығы энергетика және көлік министрліктерінің қай-қайсысы тарапынан да мемлекеттің стратегиялық маңызды бағдарламасына мұқият мән берілмегендігін айғақтайды".
Осыған байланысты үкімет басшысы салалық министрліктерге құжатты қысқа мерзімде қайтадан толықтырып жөндеп үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.
"Бұл құжат - жүзеге аспайтын бос мүмкіндіктердің декларациясы болуға тиіс емес",- деп қорытты өз сөзін үкімет басшысы.