Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеруге жұмсалатын инвестиция көлемі 2011-2015-жылдарда 16,8 млрд. доллар болмақ

"Қазақстанның мұнайгаз секторы дамудың жаңа деңгейіне ден қойды. Ол ірі өнім өндіруші және мұнай мен газ экспорттаушы ретінде еліміздің келешегін нығайта түседі. Демек, мұнайгаз саласына ауқымды инвестиция қажет болмақ",- деді Ж.Марабаев.

Оның айтуынша, 2003-2005-жылдарда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеруге жұмсалған инвестиция көлемі 3,8 млрд. доллар болды. "Болжам бойынша 2006-2010-жылдарда осынау инвестиция көлемі 12,9 млрд., 2011-2015-жылдарда 16,8 млрд. доллар болады деп күтілуде",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті