"Конвенция жобасының бірқатар пункттері бойынша біз өзара түсіністікке қол жеткіздік",- деді журналистерге ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Қазақстан атынан қатысушы Равиль Чердабаев.
Тараптар конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының Мәскеуде өтетін кезекті 15-отырысы басталғанға дейін "Конвенция жобасында басы ашық қалған мәселелер бойынша тұрақты пікір алмасып отыруға келісті",- деді баспасөз мәслихатында Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов.
"Бұл күні бүгінге дейін тындырылған істердің тиімділігін арттыру үшін және Мәскеуде өтетін кездесуде аталмыш принциптік маңызы бар мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келу үшін қажет",- деді Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Әзербайжан атынан қатысушы өкіл.