Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде браконьер Әзербайжан азаматтары қамауға алынды

Министрліктің хабарлауынша, кемені тексеру кезінде бортынан бекіре тұқымдас балықтар, тыйым салынған қарулар, аулар, 4 жәшікте бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын жинайтын қаңылтыр ыдыстар, сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға арналған құралдар мен жабдықтар табылды.

Сондай-ақ, кеме табылған және ұсталған аумақтағы суда орнатылған бекіре тұқымдас балықтарды аулайтын 50 ау шығарылды.