Каспий университеті азаматтық құқық саласында тегін бакалаврлық бағдарлама бастап отыр


"Сонша заңгер маман тұрғанда, заңгерлік фирмаларда білікті заңгерлер жетіспейді. Бұл оқу бағдарламаларының жасалуына байланысты туындаған жәйт, басты назар қылмыстық-құқықтық пән мен прокурор қызметкерлерін, судьяларды дайындау жағына ауып кеткен. Коммерциялық және азаматтық құқық саласы үшін мамандар дайындауға жіті көңіл бөлінбеген. Ал нарықта дәл соларға сұраныс көп болып отыр», деді Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында Каспийлік университет жанындағы Ғылыми зерттеу институтының директоры Майдан Сүлейменов.
"Каспийлік университет бұл мәселені шешуді ойластырып отыр, ол үшін азаматтық және коммерциялық құқықты терең,тамаша білетін студенттер тобын құрмақ», деді ол.
Caspian dream team жобасының жетекшісі Роман Подопригора атап өткендей, бұл жобаның ерекше жақтары басым, оның ішінде бакалаврларды тегін дайындау, нақты мамандық-азаматтық құқық саласы бойынша маман атану. Ол атап өткендей, бағдарлама түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін болады.
"Студенттер жылына бір рет шетелдік жоғары оқу орындарына барып, шет тілді білу жағын жетілдіретін болады, кейбір пәндерді сонда оқып келеді. Практикалық білім беру модульдері бойынша пәндер 30% көбейтіледі", деді Р.Подопригора баспасөз мәслихатында.
Каспийлік университеттің «Әділет» жоғары мектебінің деканы Светлана Мороздың ақпаратына қарағанда, Caspian dream team жобасы бойынша 25 студент оқымақ, олар бесінші пән ретінде дүниежүзілік тарихты таңдаған абитуриенттер ішінен іріктелмек. Іріктеу төрт кезеңнен тұрады, ҰБТ алған балл бойынша конкурс, эссе, жалпы білімді тестілеу, әңгімелесу.
Caspian dream team бағдарламасы шеңберінде оқыту шығындарын Каспийлік университет мойнына алып отыр. Бұл бағдарлама бойынша бір студентті оқыту құны жылына 1 млн 200 теңгені құрайды.