Оның айтуынша, Каспий теңізін қорғау жөніндегі Теһран конвенциясын іске асыру аясында 2 хаттама – «Мұнаймен ластанудан туындаған оқиғалар орын алған жағдайға әрекет таныту, аймақтық дайындық пен ынтымақтастық туралы», «Трансшекаралық тұрғыдан қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы» - хаттамалар дайын.
«Аталған хаттамаларға Теһран конвенциясының тараптарының биыл 10-12-ші тамызда Ақтауда өтетін конференциясында қол қойылады», - деді министр бейсенбі күні «KaspianO&Goffshore 2011» конференциясында.