Каспий жағалауындағы мемлекеттердің СІМ басшыларының үшінші отырысы Тегеранда өтеді

Бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, аталмыш кездесу барысында Қазақстанның, Әзербайжанның, Иранның, Ресей мен Түрікменстанның сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының екінші саммитін өткізетін уақыты мен күн тәртібін талқылайды.

Кездесудің негізгі мазмұнында алдағы саммиттің қорытынды құжаты - декларацияның жобасы қаралып, келісілуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті