Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, отырыс барасында жұмыс тобының ұлттық бөлігінің ұсынысы мен Еуразиялық даму банкінің дайындаған құрылыс варианттарына салыстырмалы бағалау жүргізу жөніндегі техникалық міндеттер жобасын қарастырылған.
"Кездесу қорытындысы бойынша Еуразиялық даму банкінің ұсынған техникалық міндеттер жобасын негізге алып, кездесу барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып конкурстық комиссия құрып, жобаның техникалық-экономикалық сипатына салыстырмалы бағалау жүргізуге кеңесшілер іріктеу және жалдау үшін ашық байқау өткізуге шешім қабылданды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта Каспий және Азов - Қаратеңіз бассейіндерін кеме қатынастары арқылы жалғайтын жалғыз Волго-Дон су жолы бар, ол жобалық қуаттылығына толық қол жеткізген.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың мамарындағы Ресейдің президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша 2007 - 2008 жылдары ішінде Каспий және Азов - Қаратеңіз бассейіндерінде кеме қатынастарын орнату варианттарына салыстырмалы бағалау жүргізуге тапсырма берген болатын.
Осыған байланысты Каспий және Азов - Қаратеңіз бассейіндерінде кеме қатынастарын орнату варианттарына салыстырмалы бағалау жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстан мен Ресейдің мекемеаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ғалым геологтар, гидротехниктер, сонымен қатар осы тектес гидротехникалық құрылыс салуда тәжірибесі бар белгілі адамдар кірген.