Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты айдынының үстінен ұшу барысында шекарашылар десантшы-шабуылшылар заставасының қолдауымен алты браконьер, соның ішінде бір Қазақстан, бес Әзербайжан азаматы отырған 3 қайықты ұстады. Олардан 200 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтар табылып тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті