"Бүгінде Каспий теңізі арқылы тасымалданатын жүк көлемі 30 млн тоннаны құрайды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, 2012 жылға дейін Каспий арқылы теңіз тасымал көлемі 65 млн тоннаны құрайтын болады", - деді С. Ахметов.
Ол еске салғанындай, бүгінде ТРАСЕКА дәлізі өтетін Ақтау портына, Каспий арқылы тасымалданатын жалпы жүк көлемінің 33% тиесілі. "Қазір Ақтау портын мемлекеттік -жеке серіктестік негізінде кеңейту жөнінде жұмыстары жүргілуде. Бұл екі жылда мұнай құю және жүкті асыру қуаттылығын екі есеге ұлғайтуға мүмкіндігін береді", деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ, Қазақстанның Каспий шельфінің бір бөлігін игеру бағдарламасы бойынша, Құрық портын дамытып, жылына 20 млн тонналық қуаттылығы бар мұнай құю терминалын құру қарастырылған. "Аталған портты дамыту Баку-Тбилиси-Жейхан жобасында қатысуға бағытталған", - деді С. Ахметов.