Каспийде атыс болып, 1 адам оққа ұшты


Тікұшақтан атылған оқ катерлерімен қаша жөнелген браконьердің біріне тиіп, ол сол жерде қаза тапты. Екіншісі аяғынан ауыр жараланды. Себебі 8 адамнан құралған топ шекарашылардың өз еркімен берілу туралы өтінішін елемеген. Рұқсатсыз балық аулаушылардың барлығы Ресей азаматтары. Екеуі бұған дейін Каспий теңгізінің Қазақстандық аумағына заңсыз еніп жақында ғана абықтадын босап шыққан екен. Енді сыбайластарымен бірге қайта темір торға жабылатын болады.