Каспийде қаза тапқан төрт балықшының мәйіті табылды

Аташ ауылының бес балықшысы 14-желтоқсанда қайық мініп балық аулауға шыққан. 18-желтоқсанда Түпқараған мүйісіне жақындап келген қайық ішінен жоғалып кеткен төрт балықшының мәйіті табылды. Тағы бір 17 жасар балықшының мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары іздестіріп жатыр.