Каспийде қазақстандық шекарашылар үш браконьерді құрықтады

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, теңізге шығу құқығын беретін құжаттары жоқ Қазақстанның үш азаматы Саура мүйісінің маңындағы жағалауда ұсталған . "Шекарашылар тексеру барысында "Нива" көлігін, екі аспалы қозғалтқышты "Прогресс-2" моторлы қайығын және 2 килограмм қара уылдырық табылып, тәркіленді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті