Каспийде қырылған итбалықтардың саны 303-ке жетті

Министрлік ақпаратына сәйкес, "8 сәуір, сағат 17.00 жағдай бойынша қырылған итбалықтардың жалпы саны 303 болды".

Осыған дейін хабарланғандай , ең алғаш рет итбалықтардың өлігі Каспий теңізінің жағалауында наурыз айының соңында табылған . Қазіргі таңда 68 өлік жойылды, біреуі облыстық мал дәрігерлік санитарлық сараптама бөліміне зертханалық тексеруге жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті