Оның айтуынша, қырылған итбалықтардың 385-і төлдер, 50-і - ересек итбалықтар.
М.Орынбасаровтың айтуынша, итбалық өлімтіктері түрлі деңгейде шіріген, демек бұл итбалықтардың бір уақытта қырылғамағанын көрсетеді.
Оның айтуынша, Маңғыстау облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметінің мамандары итбалықтардың өлімтіктеріне жасаған зерттеулердің қорытындысын таныстырды. Өлген итбалықтардың ішкі құрылысынан алынған сынамаларға жүргізілген тексеру мыс, қорғасын, кадмий, сынап, мырыш секілді ауыр металл тұздарының шектеулі деңгейде екенін, ал гексахлорциклогексан, ДДТ және оның метаболиттері секілді пестицидтердің жоқ екенін көрсетті. Ал өлі итбалықтар табылған жерден алынған теңіз суының сынамаларына жүргізілген талдаудың алдын-ала нәтижесі осы өңір үшін фон көрсеткіштерінің артпағанын көрсетті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жануарлардың өлімтігінен етқоректілер обасының вирусы табылған.
Өлген итбалықтардың алғашқы бөлігі 30-наурызда Қаламқас және Қаражанбас кеніштері маңындағы Қаламқас бөгетінің маңында табылған.
Қазір Қаламқас кенішіндегі бөгетте және сол маңайда теңіздегі Бұзашы балық инспекциясының мамандары тәулік бойы кезекшілік жасап жатса, "Қаражанбасмұнай" ААҚ мен "Манғыстаумұнайгаз" ААҚ күштері жағалауда бақылау жүргізуде.
"Итбалықтардың қырылу себебіне қатысты ақырғы қорытынды теңіз бен өлімтіктерден алынған барлық сынамаларға жүргізілген зерттеулердің нәтижесі шыққаннан кейін жасалады",- деді М.Орынбасаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті