Каспийде қырылған итбалықтардың саны 491-ге жетті

Министрліктің хабарлауынша, қырылған итбалықтардың 430-ы төлдер, 61-і - ересек итбалықтар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жануарлардың өлімтігінен етқоректілер обасының вирусы табылған.

Өлген итбалықтардың алғашқы бөлігі 30-наурызда Қаламқас және Қаражанбас кеніштері маңындағы Қаламқас бөгетінің маңында табылған.

Қазір Қаламқас кенішіндегі бөгетте және сол маңайда теңіздегі Бұзашы балық инспекциясының мамандары тәулік бойы кезекшілік жасап жатса, "Қаражанбасмұнай" ААҚ мен "Манғыстаумұнайгаз" ААҚ күштері жағалауда бақылау жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті