Каспийде тағы атыс болды

Оққа ілініп кете жаздағандардың барлығы да Атырау облысының тұрғындары. Олардан суда жүзуге арналған 4 құрал, 4 қайық пен бекіре балығын аулауға арналған 20 қап ау тәркіленген. Әзірге күдіктілерге «мемлекеттік шекараны бұзды» деген айып тағылуда. Қазір тергеу ісімен Ұлтттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаменті айналысып жатыр.


Талғат Төребаев, 2201/Г әскери бөлімінің командирі:

-Күзетте жүрген қызметкерлеріміз осы қайықтардың үстінен түскен. Шекарашылардың тоқтаңдар деген бұйрығына бағынбағандықтан, оларды  оқ атып тоқтатуға тура келді. Ешкім зардап шеккен жоқ