Куәгерлердің айтуынша өліп қалған балықты толқын жағаға итеріп тастаған. Оның үстіне бұл ең жас түрлері. Өлі балықтар Ақтау қаласы маңынан және облыстық теңізге жақын басқа аймақтарынан да табылған. Бірақ мамандар облыс орталығында суды зерттеп көріп, ешқандай өзгерісті байқамаған. Алдағы күндерде Каспийдің солтүстік жағындағы суға жасалған сараптама қорытындысы дайын болады. Зерттеушілер балықтың көптеп қырылуына теңіздің жылып кетуі себеп дейді. Бір аптаның ішінде оның қызуы 30 градусқа жеткен. Енді балықтар зертеу үшін Алматыға жөнелтілді.
Омар Сүтбаев, Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуроры: