Каспийде "Толқын-2006" шекаралық операциясының екінші кезеңі аяқталды

А.Шоқпытовтың айтуынша, ұсталғандардың арасында Ресейдің 82, Қазақстанның 18 азаматы бар.

Шара Каспий теңізінің байлығын сақтап қалу мақсатымен өткізілген. "ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі осындай шара өткізу туралы шешімді 2005-жылдың қазан айында қабылдады",- деді ол.

А.Шоқпытовтың айтуынша, шара барысында Қазақстан Республикасының аумақтық суларында болу және жүзу ережелерін бұзған 32 адам ұсталып, Қазақстанның 27, Ресейдің 3 азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 390-бабы, 1 және 2-тармақтары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 154 500 теңгенің айыппұлын төлеуге тиіс.

Ресейдің екі азаматы Қазақстанның шекарасынан өткелек емес жерде өтуге әрекет жасағаны үшін ұсталды. "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары шара барысында 3 автокөлік, "Байда" үлгісіндегі 27 шағын қайықтарды, 19 қайық пен басқа да жүзу құралдарын, 48 қайық моторларын тәркіледі.

Шекарашылар 19 979 метр ау, 56 калада мен төрт қару тәркіледі.

"Толқын-2006" шекаралық операциясының қорытындысы бойынша бұған қоса бекіре тұқымдас 1437 килограмм балық пен 667 килограмм табан балық тәркіленді.

"Батыс" аймақтық басқармасының бастығы, генерал-майор Елемес Жаңабергеновтың айтуынша, ағымдағы жылы браконьерлер төрт мәрте қарсы қару қолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті