Каспийде ұзындығы 1400 метрлік ау табылды


Ауға түскен 20 бекіре балығының 12-сі өліп қалған, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметінен.

Қазақстанда 1-сәуірден бастап «Бекіре» операциясы жүріп жатыр. Оған «Жағалау күзеті» аймақтық басқармасының теңіз шекарашылары жұмылдырылған.