Каспийде заңсыз балық аулаумен айналысқан 11 браконьер қолға түсті


Оқтан сескенбеген қаскөйлер іздерін жасырмақ болғанымен алысқа ұзай алмады. Шекарашылар оларды тікұшақпен қуып жүріп ақыры қолға түсірді.

Жылдамдығына көз іліспейтін 4 маторлы қайыққа мінген браконьерлерден Ірі көлемде бекіретұқымдас балық пен бірнеше итбалық табылды. Ұсталған 11 адамның барлығы Ресей азаматтары. Олар Каспийдің қазақстандық бөлігіне заңсыз кіріп, теңізге ұзындығы алты шақырымдай ау құрып балық аулаған. Енді заң алдында сазайларын тартуы тиіс.