Каспийде жаңа қала пайда болмақ

Қарағандының "Азаматтық жобалар институты" ЖШС-нің бас сәулетшісі Александр Золотаревтың атап көрсеткеніндей, бірінші кезеңде 30 мың адам, кейіннен 60 мың адам тұрады деп есептелген, Каспий теңізінің жағалауында бой көтеретін жаңа қала құрылысының құны $1,5 млрд құрамақ.

Оның айтуынша, ҚР үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, " "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ Құрық теңіз айлағы мен тиісті инфрақұрылымы бар Құрық жұмысшылар кентін дамыту жөніндегі бас жоспарды жасауға кірісті. "Құрық жұмысшылар кенті мен тиісті инфрақұрылымының бас жоспарын жасау және Құрық теңіз айлағын дамыту тұжырымдамасының" жобасын жасау жұмыстары "ҚазМұнайГаз ҰҚ" АҚ мен ""КазГипроНефтеТранс" Инжинирингтік компаниясы" ЖШС арасындағы мемлекттік қызмет сатып алу жөніндегі келісім-шартының аясында атқарылды.

А. Золотаревтың хабарлауынша, тұрғын үй қорының жалпы аумағы 1,45 млн шаршы метрді құрайды. Бұл жерде шағын қабатты үйлер салынады. Жағалауды бойлай теңіз айлағы мен жағалаудағы гүлзар салынады. Болашақта пляждары, спорттық және көңіл көтеру кешендері, дәмханалар, мейманханалар, дауажайлар, пансионаттар, саябақтар, аттракциондар мен басқа да демалыс орындары бар рекреациялық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылуда. 6000 орынға есептелген 5 мектеп, 4300 орынға есептелген 20 балабақша салынады.

Теңіз жағалауындағы болашақ қалаға Құрық -Ералиево темір жол тармағы тартылып, жаңа автожолдар, тікұшақ қонатын алаң салынып, Ақтау-Құрық су құбыры тартылады.

Бұл жобаны жүзеге асыруға Тайвань компаниясының Қазақстандағы өкілдігі "KazDipper LTD" қатысуға пейіл білдірген.

Алматыдағы Тайвань сауда орталығының басшысы Чанг Ши-Чангтің айтуынша, алдағы уақытта компанияның басшылығы "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-мен және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық әкімшілігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті