Каспийдегі итбалықтардың қырылу себептерін тексеру үшін комиссия құрылды

"Комиссия ертең оқиға орнына ұшып барады. Мен итбалықтардың қырылу себебін жуырда айта аламыз деп ойлаймын",- деді министр.

"Бұл аймақта бірнеше қауіп бар - өздігінен мұнай төгіліп жатқан ұңғылар, жер қыртысының тектоникалық жарылуынан жер бетіне газдардың шығуы және барлау мақсатындағы бұрғылаулар",- деді ол.

"Бүгінде кімнің кінәлі екендігін айту ертерек, ол үшін әлі де екі апта қажет деп ойлаймын",- деп санайды Нұрлан Ысқақов.

31-наурыз бен 2-сәуір аралығында Мағыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Қаламқас және Қаражанбас кеніштері аралығындағы аумақта 109 өлген итбалық табылған, олардың жартысынан астамы - төлдер.

Республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 68 өлген итбалық жойылып, біреуі Маңғыстау облысының мал дәрігерлік-санитарлық сараптама бөліміне зертханалық зерттеуге жіберілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті