Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты- 2015-жылы Қазақстанда мұнай өндіру мөлшерін жылына 150 миллион тоннаға жеткізу болып табылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік бағдарламада Каспий шельфін дамыту 3 сатыға жоспарланған. 2005-жылға дейін есептелген алғашқы сатысында тендерлік құжаттарды дайындау, Каспий шельфіндегі құрылымдарды игерудің экономикалық, геологиялық және салықтық модельдерін жасау көзделіп отыр.
2005-2010-жылдар аралығындағы екінші сатысында тендерлік процедуралар өткізіліп, теңіздегі кен көздері игеріле бастайды.
Ал 2010-2015 -жылдарда шельфті зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасып, мұнайлы кеніштер игеріледі.