Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшылары алдағы жылы Тегеранда бас қосады

Осындай алғашқы кездесу биылғы жылдың басында Ашхабадта өткен.

Каспий маңындағы мемлекеттердің теңіз мәртебесіне қатысты өз ұстанымдарын пысықтап келе жатқанына биыл міне он жылдың жүзі болды. Соңғы уақыттарда бұл мәселені шешуде әжептәуір ілгерілеушіліктер байқала бастады. Қараша айының басында бес мемлекет өкілдері Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойды.
Президенттер кездесуі қарсаңында биыл аталмыш аймақ мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің бас қосуы өтеді деп межеленген. Кездесу желтоқсан айына белгіленген. Алайда, кездесу өткізілетін орын туралы әзірге мәлімет жоқ.