"Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне хабарлағандай, апат Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының "Хазар-4" теңіз бұрғылау платформасынан науқасты эвакуациялау кезінде болған.
Тік ұшақтың техникалық жағдайы ұшу алдында жарамды болған, пайдалану нұсқауына сәйкес ұшу алдында техникалық қызмет көрсету жүргізілген болатын, бақылау-тексеру мақсатындағы ұшуды осы құрам атқарған болатын.
Мемлекеттік концерннің соңғы ақпараттарына сүйенсек, оқиға болған жерге тез арада іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, теңізге құтқару кемесі мен тікұшақ жіберілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде тікұшақтың құлаған жері анықталды. Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, экипаждың 4 мүшесі мен 2 жолаушы қайтыс болған. Олардың кім екені анықталған.
"Апатқа ұшыраған Ми-8Т тік ұшағы Каспийде 20 метр тереңдікте жатыр. Оны су түбінен алып шығу үшін арнайы көтергіш кран жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда",- деп атап өтті Мемлекеттік концерндегілер.
Әуе апатын тергеу үшін Мемлекеттік концерн арнайы комиссия құрылды, республиканың бас прокуратурасының ауыр қылмыстар туралы іс жөніндегі тергеу басқармасы 262.3-бап бойынша қылмыстық іс қозғап, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік министрлігінің, төтеше жадайлар жөніндегі министрліктер мен Мемлекеттік шекара қызметі қызметікерлерінің қатысуымен сәйкес жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті