"Каспийдің құқықтық мәртебесі бойынша теңіздің маңайындағы бес мемлекет арасында ұзаққа созылған күрделі келіссөздер аясында талқыланып келе жатқан басты концепция бар. Биылғы қыркүйекте Баку қаласында сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі 23-ші жұмыс бабындағы кездесу өтті. Белгілі бір ілгерілеушілік бар: өздеріңіз білесіздер, бес мемлекет түгел қол қойған жалғыз құжат бар - ол экологиялық құжат. Жалпы алғанда тұтас конвенция бойынша процесс аяқталуға жақын", - деді Қазақстанның бірінші президентінің қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Марат Шайхутдинов.