Каспийдің солтүстік бөлігінде Ресей мен Қазақстанның шекаралық әскерлерінің жаттығулары басталды

“Каспий-2006” оқу-жаттығулары 21-маусымға дейін жалғасады.

Оқу-жаттығулар барысында шекаралық құрылымдар арасында күдікті кемелер туралы ақпараттар алмасу, шекаралық кемелердің күшімен күдікті кемені қоршауға алу, кемені басып алған лаңкестік топты жою, кепілдегі адамдарды босату, теңізде апатқа ұшыраған адамдарды құтқару әрекеттерін пысықтайды.