Каспийдің жағалауында өлген итбалықтардың саны 68-ге жетті

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, алғашқы жиырма шақты өлген итбалық 30-наурызда Түпқараған ауданында "Қаламқас" су қорғанысы бөгетінің маңында табылды. Келесі күні "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметкерлері №16 пикет пен №300 пикет арасын аралау барысында тағы да өліп жатқан 37 итбалықты тапты. Жағалауды бойлай №300 пикет пен №141 пикет аралығын тексеру барысында 10 итбалықтың өлімтігі табылды.

Министрліктің хабарлауынша, сөйтіп, 30-наурыз бен 1-сәуір аралығында табылған өлі жәндіктердің жалпы саны 68-ге жетті.

"Оқиғаның мән-жайын тексерумен облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы айналысуда", деп хабарлайды министрлік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті