Ресей балық шаруашылығынан хабарлағандай, мұндай шешім Каспий теңізінің су биологиялық ресурстар жөніндегі комиссиясының отырысында қабылданған, оған бүкіл бес елдің делегациялары қатысқан. Делегациялардың құрамына аталмыш мемлекеттердің балық шаруашылығы органдарының өкілдері, табиғи ресурстар министрліктерінің, сыртқы істер министрліктерінің өкілдері енген.
"Интерфакске" Ресей балық шаруашылығының жұртшылықпен байланыс орталығының жетекшісі Александр Савельевтің айтуынша, мұндай шешім бірінші рет қабылданып отыр.
"Енді дұрыс болды, табиғатқа демалуға мүмкіндік берелік. Бекіре балықтың көбейтілуін қалпына келтіру керек, деп баяғыдан айтып келе жатырмыз. Әйтпесе, бір елдер суға шабақ өсіріп жіберумен айналысады, қалғандары тек өсіп қалған балықты аулауды ғана біледі", деді ол.
А.Савельевтің айтуынша, бұл шектеу келесі жылдарға да созылуы ықимал.
Каспий теңізінде әлемдік бекіре қорының 96% шоғырланған. Бірақ бұл бағалы балық ойдағыдай көбеймей отыр, оған браконьерлер мен табиғатқа антропогонді араласушылық себеп болып отыр.