Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен келді.
"Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Сапар бағдарламасы мемлекет басшыларының келіссөздері мен олардың Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің отырысына қатысуын қамтиды.
16 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысады.