Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа поратлы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

 Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Автор: Caravan.kz