Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда кз сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.