Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты.