Бадалонадан Барселонаға дейінгі аталмыш спорт бәсекесінің ақырғы кезеңін француз Жюльен Симон жеңіп алды. Ол мәреге жетер тұста «Астана» командасының мүшемі Франческо Гавацциді басып озды. Мәреге үшінші болып италияндық Дамиано Кунего келді.
«Каталония Вуэльтасы» жарысының жеңімпазы болып швейцариялық Мишель Альбазини танылды. Екінші орын испандық Самуэль Санческе бұйырды. Үшінші орынды бельгиялық Юрген Ван ден Брек місе тұтты. Ал осы жарыс жеңімпазынан бір жарым минутқа кешіккен Роберт Кисерловский жетінші орынға тұрақтады.