Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Екі елдің арасындағы қарым –қатынас өте жоғарғы деңгейде. Сіздің келгеніңіз біздің екі арадағы қатынасты одан да жоғары дәрежеге көтереді деп ойлаймын . Сауда саттық екі жақты қарым-қатынас жөнінде осы жолы әңгімелесуге болады. Қазір көлік жағынан мүмкіншіліктер туындап отыр жаңадан.
Катар Сыртқы істер министрі Халед әл-Атыя Нұрсұлтан Назарбаевқа Әмір Хамад Бен Халифа әт-Танидің ыстық сәлемін де жеткізді. Парсы шығанағындағы мұнайға бай бұл ел Семейде сауықтыру орталығынан өзге, Астананы тұрғызуға атсалысқанын да айта кетейік. Енді арадағы алыс берісті еселеп арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы кең құрамда Назарбаев пен Катар әмірі қазан айында еркін сөйлеспек. Елбасы күзге таяу бұл елге мемлекеттік сапармен барады.
Loading...